28.08.2009, 13:46 3147

Елбасы Астанада жаңа көпірдің ашылуына қатысты

Елбасы Астанада жаңа көпірдің ашылуына қатысты

Астана. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол жағалау бөлігі мен қаланың жоспарланған аудандарының көлік байланысын қамтамасыз ететін жаңа "М-3" көпірінде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы атап өткендей, "қаладағы әрбір көпір жаңа бір ауданның дамуына жол ашады". "Бұл көпір қаланы одан әрі Тәуелсіздік алаңы, пирамида мен мешіттің айналасын қоршай дамытуға қажетті жаңа инфрақұрылымды қалыптастырады, яғни, қаладағы құрылыс енді басқа бағытта дами бастайды. Осы көпірдің арқасында қаланың енді оң жағалаудағы дамуы басталады", - деді Н. Назарбаев.

Аталған көпір бойынша автокөлік қозғалысын ашу 2009 жылдың 31 тамызына жоспарланып отыр. Астанада Конституция күніне орай салтанатты шараға дайындық және оны өткізуге байланысты жол нысаны мерекелік салтанат аяқталған соң пайдалануға беріледі.

М-3 жобасын жүзеге асыруды 2006 жылдың тамызында "Казмостдорстройсервис" ЖШС бастады. Жалпы ұзындығы 892,1 м болатын вантты көпір өткелі құрылысының құны 7 614 млн теңгені құрайды. Көпір екі бағыттағы 8 жолақтан тұрады. Жүретін бөлігінің жалпы ені 30 метрге тең. Аркаларды есепке алғанда көпір салмағы - 3 860 тоннаны құрайды.

Жобаны 2009 жылдың ақпан айынан бастап "Тамыз Инвест Групп" АҚ жүзеге асыруда. Қазіргі кезеңде оның мына жұмыстары: арка монтажы, ванттарды керу, жүретін бөліктерінің плиталары, аралық құрылымдарының металдыконструкциясының монтажы, жапсарларын орнату, жүретін бөлігінің аралық құрылымын гидрооқшаулау, жол жабындысын орнату жұмыстары аяқталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны