23.04.2009, 18:48 3510

Елбасы Астанадағы бірқатар нысандарда болды

Елбасы Астанадағы бірқатар нысандарда болды

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанадағы кейбір нысандарда болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтсақ, президент бүгін Астанадағы жаңа Қан Орталығының биомұрағатына дьюарға дің жасушасының жаңадан алынған дозасы бар капсула салу рәсіміне және Есіл өзенінің сол жағалауындағы Қазақстан елордасының жаңа әкімшілік орталығында салынған соңғы үлгідегі "Ажар Центр Астана" сауда ойын-сауық кешенінің ресми ашылуына қатысты.

"Ажар Центр Астана" - 120 бутиктен тұратын төрт қабатты сауда орталығы. Жалпы көлемі 51 мың шаршы метр. Оның аумағына үлкен сауда залы, жасанды мұз айдыны, 5 кинозал, мейрамханалар желісі, уақытша балабақша орналасқан. Келешекте орталық заманауи фитнес және спа-салондармен кеңеймек. Орталықта тұрғызылған автопаркинг бір мезгілде 500 бірлік автокөлікті қамти алады. "Ажар Центр Астана" кешенінің құрылысын түрік компаниясы жүргізген.

Ол жаңа әкімшілік орталықты қаланың жаңа және ескі түрлі аудандарымен байланыстыратын көлік магистарлының қиылысында, Астана қаласының "Бәйтерек" кешеніне, Тәуелсіздік Сарайы, "Қазақ елі" монументіне жақын, Манас көшесінің бойында орын тепкен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны