11.02.2008, 17:57 3636

Елбасы Астанадағы жаңа құрылыс жобаларымен танысты

Елбасы Астанадағы жаңа құрылыс жобаларымен танысты

Астана. 11-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана - Басжоспар" қалалық-коммуналдық кәсіпорынына барып қайтты. Онда жаңа құрылыс жобаларының ашылуы болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Талқылауға барлығы он бір жоба ұсынылды. Олардың арасында Қорғаныс университетінің, Астананың Ұлттық универистетінің құрылыс жобасы, "Қоянды" ауылының маңындағы 4 мың учаскелік саяжайлар массиві, BI-village ықшамауданының жобалары, сонымен қатар "Беларусь Нефтегаз" ЖШС тапсырысы бойынша әзірленген "Беларусь" көп функциялы әкімшілік-іскерлік және көрме орталығының құрылыс жобасы бар.

Н. Назарбаев сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1991 жылғы тәуелсіздік алған кезін бейнелейтін биіктігі 91 метрлік "Қазақ елі" монументінің салыну барысымен танысты. Монументті Астана күніне орай шілде айында ашу жоспарланған. Ол Бейбітшілік және келісім сарайының алдына орнатылатын болады. Жоба сәулетшісі - Саматбек Бөкебай, суретші - Сембіғали Смағұлов.

Сондай-ақ алаңы 230 гектарды құрайтын Қазақстанның ең ірі қала саябақтарының бірін салу жобасының да тұсаукесері болып өтті. Саябақ Есіл өзенінің бойында өткен жылы салына бастаған болатын және жоспарға сәйкес ол пайдалануға 2009 жылдың аяғында беріледі. Бүгінгі күні онда 19 мыңнан астам ағаш отырғызылған.

Сонымен бірге, президент елордадағы аумағы жөнінен аса ірі болып табылатын "Сарыарқа" сауда орталығының ашылу салтанатына қатысады. Кешеннің жалпы көлемі 42 мың шаршы метрді құрайды. Орталық құрылысына тартылған инвестиция 60 млн. АҚШ долларынан асып жығылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны