04.09.2009, 17:41 3174

Елбасы Астанадағы жаңа университет қандай болуы тіис екендігі жөніндегі өз ой-пікірін ортаға салды

Елбасы Астанадағы жаңа университет қандай болуы тіис екендігі жөніндегі өз ой-пікірін ортаға салды

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Астанадағы жаңа университет қандай болуы тіис екендігі жөніндегі өз ой-пікірін ортаға салды. "Астанадағы жаңа университет ұлттық бренд ретінде құрылуы тиіс", деді президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ғылым және ғылыми саясат жөніндегі кеңестің отырысы барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Менің пікірімше, Астанада жаңа университетті құру - бұл біздің мемлекеттің дамуына, көптеген қазақстандықтардың және көптеген буындардың сана-сезіміне жаһандық ықпал ететін маңызды ұлттық жоба. Астананың жаңа университеті қазақстандық бірегейлікті, халықаралық ең таңдаулы білім беру моделін, ғылыми тәжірибені үйлестіретін ұлттық бренд ретінде құрылуы тиіс", деді Елбасы.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, университеттің айқын академиялық құрылымын қалыптастыру қажет. Бастапқы кезеңде университет үлкен болмауы тиіс. Барлығы үшін жаратылыстану ғылымдары базалық болады, қалған институттар түрлі технологиялардың инжинирингі саласында мамандануы тиіс. Университетте оқытылатын әрбір мамандық бойынша шетелдерден озық мамандар тарту қажет. "Серіктестер ғылыми-ағартушылық бағдарламаларды, бақылауды басқару жүйесін, білім сапасын қалыптастыруға, қазақстандық мұғалімдерді дайындауға жәрдемдесуі тиіс", деді Н. Назарбаев. Осы орайда Елбасы Білім және ғылым министрлігіне шетелдік жоғары оқу орындарын және серіктестерді тарту жұмысын жандандыруды тапсырды.

Елбасының айтуынша, университет экономиканың мұнай-газ, металлургия, химия салалары үшін озық инженерлік-техникалық кадрларды дайындауы тиіс. Бірқатар мамандықтар генетика, биохимия, биофизика, ядролық технологиялар сынды салаларға ғылыми кадрларды дайындауға бағытталуы қажет.

"Бастапқыда білім ордасы шағын болып, 3-4 мектептен (факультет) құрылуы тиіс. Білім және ғылым министрлігінің қалауындай 15 мектеп емес, 3-4 мектеп пәнаралық мамандықтар бойынша біріктіріліп, оның ішінде түпқазығы - жаратылыстану ғылымдары институты болуы қажет. Біз екінші Еуразиялық университет құрғалы отырған жоқпыз. Университеттегі мамандықтар саны 10-11-ден, ал студенттер саны - 3 мың адамнан аспауы керек. Біз бірден 20 мың адаммен емес, 200 студентпен бастауымыз керек",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Бастапқыда университеттің қуатты бөлігін қалыптастыру қажет. Ғылыми орталықтар мен зертханаларды әлеуеті бар кейбір мамандықтар бойынша құру қажет", деді Елбасы.

Осы орайда Елбасы Үкіметке университеттің ғылыми бөлігін қалыптастыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. "Бұл университеттің жұмыс істеу ерекшеліктері "Білім туралы" заңда және басқа да заңнамалық актілерде бекітілуі тиіс", деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге Елбасы Білім және ғылым министрлігінің бүгінгі күні әлемдік жетекші универсиеттерден серіктестер тарту жұмысын қанағаттанарлық деп атай алмайтынын атап өтті. Біз әлемнің ең жетекші жоғары білім ошақтарына қарап бой түзеуге тиіспіз, серіктестер білім беру сапасын бақылауды басқару жүйесінде ғылыми бағдарламаны жасауға септігін тигізуге тиіс,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны