06.12.2012, 17:19 3352

Елбасы Астанадан радиусы 30-50 шақырым жерде экологиялық этно-ауылдар құруды тапсырды

Бұндай тапсырманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындыққа байланысты өткен кеңесте жүктеді.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Президент Астанадан радиусы 30-50 шақырым жерде эко-қалашықтар салуды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұндай тапсырманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындыққа байланысты өткен кеңесте жүктеді.

"ЭКСПО-2017 туризмді дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасайды. Бізде меймандарға көрсетер жерлер баршылық. Алайда осының барлығын дұрыс көрсете алуымыз керек. Сондықтан қазірден бастап бұл нысандардың дайындығына кірісу қажет. Атап айтқанда, туристік бағыт-бағдарларды ойластыру шарт. Яғни, тек Астана бойынша ғана емес, сонымен қатар Қазақстан өңірлері де ескерілуі тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Бұл тұрғыда Президент 2017 жылдың 3 айында Қазақстанға 5 млн. адамның келетінін ескере отырып, туризм бағыттары барынша қарастырылуы керектігін атап өтті. Осы орайда Елбасы Үкіметке туризм бойынша салалық тиісті бағдарламаны қайта қарап шығуды тапсырды.

"Сонымен қатар осы саладағы мамандарды даярлауға баса назар аудару керек. Олардың тілдерді меңгеруін, Қазақстан тарихын жетік білуін ескеріп, идеологиялық тұрғыда даярлау керек", - деді Н. Назарбаев.

Бұған қоса, Президент Астанадан радиусы 30-50 шақырым жерде экологиялық этно-қалашықтар құруды тапсырды. Бұл елді мекендер олимпиадалық қалашықтар негізінде салынатын болады.

"Біріншіден біз осы жерлерде инфрақұрылымды құрамыз. Бұл елді мекендер гүлденіп дамиды және жаңа жұмыс орындары ашылады", - деп түйді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны