11.09.2006, 14:40 2668

Елбасы Астанаға Илемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезіне қатысуға келген бірқатар қонақтарды қабылдады

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Илемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезі қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев форумға келген бірқатар делегаттар мен қонақтарды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Атап айтсақ, президент сьездің құрметті қонағы - Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясының депутаты Ким Вон Кимен кездесті.

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Илемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезі қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев форумға келген бірқатар делегаттар мен қонақтарды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, президент сьездің құрметті қонағы - Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясының депутаты Ким Вон Кимен кездесті.

"Біз бұл сьезге айрықша маңыз беріп отырмыз және ол әлемдегі діни және ұлтаралық жаңжалдарды еңсеруге септігін тигізеді деп сенеміз",- деді журналистерге Елбасымен кездесуден кейін Корея өкілі.

Сонымен бірге мемлекет басшысы Ұлыбританияның Англикан шіркеуіне қарасты Кройдон епископы Николас Бэйнспен сұхбаттасты.

"Сьезде қабылданатын шешімдер саяси салмаққа ие болатынына дау жоқ",- деді Николас Бэйнс президентпен кездесуден кейін.

Сонымен бірге мемлекет басшысы Үндістанның "Джамаат-е-Шабаб-е-Ислам" атты мұсылмандық ұйымының президенті Салман Аль-Хусейни Аль-Надвиді қабылдады.

"Қазір әлем дінаралық және ұлтаралық келісімге мұқтаж. Дін жетекшілері өзара түсіністікке келеді және бұл сьезд ғаламдық діни диалогты жолға қоюға өзіндік үлесін қосады деп сенемін",- деді Салман Аль-Хусейни Аль-Надви журналистерге арналған брифингте.

Президент сондай-ақ Бүкіләлемдік ислам лигасының бас хатшысы Абдулла бен Абдель Мохсен Ат-Турки мырзаны қабылдады.

"Біз ІІ сьезден түрлі әлемдік діндер мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністік пен өркениетті диалогты күтеміз. Мен барлық мемлекет басшыларын қазіргі әлемде келісім мен тұрақтылықты сақтап қалуға шақырамын",- деді Бүкіләлемдік ислам лигасының бас хатшысы.

Ал бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура алдағы форумның ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту ісінде тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкілдүниежүзілік қауымдастық үшін де маңызы зор екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны