11.04.2012, 14:52 3339

Елбасы Астананың "азық-түлік белдеуіне" енетін шаруашылықтарды ынталандыруды тапсырды

Жиын барысында Бас қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған "азық-түлік белдеуі" мәселесі бойынша баяндаған болатын. Қала басшысының айтуынша, бүгінгі күні азық-түлік белдеуі шекарасындағы 48 жобаны қаржыландыру сомасы 19,4 миллиард теңгені құраған. Олардың ішінде 31 кәсіпорын белсенді қызмет етеді.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Астананы одан әрі дамыту бойынша өтіп жатқан кеңес барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала маңындағы "азық-түлік белдеуіне" енетін шаруашылықтарға өнімдерді жеткізу бойынша оларды ынталандыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жиын барысында Бас қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған "азық-түлік белдеуі" мәселесі бойынша баяндаған болатын. Қала басшысының айтуынша, бүгінгі күні азық-түлік белдеуі шекарасындағы 48 жобаны қаржыландыру сомасы 19,4 миллиард теңгені құраған. Олардың ішінде 31 кәсіпорын белсенді қызмет етеді.

"Осы кәсіпорындар Астанаға 12 мың тоннадан астам өнім жеткізеді. Алайда, бұл олармен өндірілген өнімнің 17 пайызын ғана құрайды. Қалған 83 пайызы өңірдің өзіндік тұтынымына тиесілі және басқа облыстардан жеткізіледі", - деді И.Тасмағамбетов.

Осыған байланысты, қала әкімі аталған кәсіпорындардың өндірген өнімінің кемінде 50 пайызын астаналық нарыққа жеткізуді міндеттейтін шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Бұл ретте, Н.Назарбаев қала маңындағы "азық-түлік белдеуіне" шаруашылықтарға өнімдерді жеткізу бойынша ынталандыру шараларын жүзеге асыруды тапсырды.

"Облыс әкімі аудан әкімдерімен бірлесе отырып, жаңағы шаруашылықтардың барлығын шақырып, Астана қаласының нарығына өнімдерді жеткізу ауқымымен келісуі керек", - деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны