08.06.2015, 16:31 3903

Елбасы Астананыӊ "жасыл белдеуін" дамыту мәселелеріне арналған кеӊес өткізді

Кеӊеске Президент Икімшілігініӊ Басшысы Н.Нығматулин, Астана қаласыныӊ әкімі И.Жақсыбеков және ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев қатысты

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Кеӊеске Президент Икімшілігініӊ Басшысы Н.Нығматулин, Астана қаласыныӊ әкімі И.Жақсыбеков және ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊеске қатысушылар аралық қорытындылар мен елорданыӊ жасыл белдеуін әрі қарай дамыту қадамдарын талқылады. Атап айтқанда, 2020 жылға дейін негізгі үш бағытта жұмыс жүргізу жоспарланған. Ол - қалыптасқан аймақтардағы жасыл желектіӊ тығыздығын арттыру, қала аумағындағы бос жерлерге ағаш отырғызу, демалыс орындарын қалыптастыру. Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев "жасыл белдеу" қалыптастыру барысындағы үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету, ғылыми тәжірибені қолдану, жаӊа технологиялар енгізу, қала аумағы мен оныӊ сыртындағы орман алқаптарын қосу маӊыздылығына назар аударды.

Кеӊес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны