03.07.2017, 16:44 2842

Елбасы Астананыӊ "жасыл белдеуініӊ" даму барысымен танысты

Қазақстан Президентi бүгiнде Астана маӊындағы 80 мыӊға жуық гектар жерге ағаш отырызылғанын және 2020 жылға қарай оныӊ аумағы 100 мыӊ гектарға жететiнiн атап өттi

Көкшетау. 3 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы елорданыӊ айналасындағы жасыл аймақты тiкұшақпен аралап, оған қырғауылдар мен елiктер жiберудiӊ дәстүрлi шарасына қатысты. Сондай-ақ, iс-шара соӊында бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкiлдерi үшiн брифинг өткiздi.

Қазақстан Президентi бүгiнде Астана маӊындағы 80 мыӊға жуық гектар жерге ағаш отырызылғанын және 2020 жылға қарай оныӊ аумағы 100 мыӊ гектарға жететiнiн атап өттi.

Нұрсұлтан Назарбаев "жасыл желектегi" жан-жануарлар мен өсiмдiк әлемiнiӊ әртүрлiлiгiне назар аударып, ағаш егудi көбейту жөнiндегi жоспарлар туралы айтты.

- Ғалымдар мен орманшыларға атқарған жұмыстары үшiн алғыс бiлдiремiн. Бұл жерде ағаш өсiру оӊай шаруа емес. Қазiр мұнда үлкен орман алқабы пайда болды. Астананыӊ айналасындағы орман кеӊiстiгi жан-жануарлар мен құстар емiн-еркiн мекен ететiн табиғи алқапқа айналды, - дедi Елбасы.

Мемлекет басшысы қала маӊындағы орман алқабы елорданыӊ қолайлы климатын қалыптастырып, экологиясын жақсартуда маӊызды рөл атқаратынын атап өттi.

Сонымен бiрге, Қазақстан Президентi орман алқабыныӊ аумағында рекреациялық аймақ салу нәтижелерiне тоқталып, "жасыл желектi" "елiмiздiӊ тынысы" деп атады.

- Адамдар осы жерде қанша жыл өмiр сүрсе, орманымыз да сонша уақыт тұрады. Бұл - елiмiздiӊ байлығы. Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесi өтiп жатыр. Ол "жасыл дамудыӊ" қағидаттары мен идеясын ұстанатын қала ретiнде Астананыӊ имиджiн нығайтуға септiгiн тигiзедi. Елорда iшiндегi саябақтар да белсендi түрде жақсартылуда, - дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы болашақ ұрпақты, өз елiнiӊ нағыз патриоттарын тәрбиелеп өсiруде табиғатты сақтаудыӊ және туған жердi құрметтеудiӊ маӊыздылығына ерекше тоқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны