11.10.2006, 09:54 2898

Елбасы атқарушы биліктің жұмысына сын айтты

АСТАНА. 11-қазан. Kazakhstan Today. Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада кеңес өткізді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Кеңесте президенттің Қазақстан халқына жолдауының орындалу барысы мен аймақтарға жұмыс сапарының қорытындысы сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаев талқылауға бірнеше мәселені шығарды, атап айтқанда ол әкімшілік реформалардың барысына, "Қазына", "Самұрық" холдингтерінің қалыптасуына, Ақтау айлағын кеңейту бағдарламасының аяқ алысына және облыстарда құрылып жатқан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысына сыни ескертулер айтып, тиісті лауазым иелеріне жаңа тапсырмалар жүктеді.

Отырысқа премьер-министр Даниал Ахметов, Үкімет басшысының орынбасары Кәрім Мәсімов, Ппрезидент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ербол Орынбаев және бірқатар министрліктер мен ведомстволардың жетекшілері, "Қазына", "Самұрық" мемлекеттік холдингтері мен "ҚазмұнайГаз" ұлттық компаниясының, сондай-ақ, Ақтау теңіз айлағының басшылары қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны