30.03.2011, 16:00 3759

Елбасы Азаматтық кодекске енгізілетін түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруға арналған әлеуметтік кепілдікті арттыруға бағытталған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. - наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруға арналған әлеуметтік кепілдікті арттыруға бағытталған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, елбасы азаматтық және өзге де заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны