18.06.2014, 21:30 3068

Елбасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасымен кездесті

А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі жұмысы, сондай-ақ отандық ақпарат кеңістігін "Ақпараттық Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асыруды ескере отырып дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Елбасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі жұмысы, сондай-ақ отандық ақпарат кеңістігін "Ақпараттық Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асыруды ескере отырып дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігі мен құрылымы айқындалған Агенттіктің толыққанды қызметіне кіріскенін және оның алдына қойылған маңызды міндеттерді тиімді шешуі тиістігін атап өтті.

Агенттік төрағасы байланыс және ақпарат саласындағы ахуал, мемлекеттік БАҚ-тардың жұмысы, медиа-нарықты ынталандыру және контент сапасын арттыру шаралары турасында айтты. Сонымен қатар ол Интернет желісінің отандық сегментінің дамуы және сандық эфирлік телевидениені енгізу туралы әңгімеледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны