29.12.2011, 10:05 3565

Елбасы банк қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Астана. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы банк қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу жүйесін жетілдіруге, банк қызметі мен банктік конгломераттардың ашықтығын арттыруға, банктерді анық немесе жасырын үлестес бейінді емес құрылымнан кесіп тастауға, құқықты және қаржы қызметін тұтынушылардың заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету тетіктерін күшейтуге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны