23.06.2010, 15:46 3183

Елбасы барша қазақстандықтарды өздерінің елді мекендерін жасыл алқапқа айналдыруға шақырды

"Бүгінде Астананың маңында 71 мың гектарлық алаңда орманды алқап бой көтерді. Бұл аумақ 3-4 ауданды алып жатыр. Сонымен қатар, "Жасыл ел" бағдарламасы аясында Қазақстанның жастары еліміз бойынша жыл сайын 51 мың гектар алқапқа ағаш егеді. Бұл жұмыс жалғасатын болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана маңындағы орманды алқапты аралап, елорда аймағында жасыл белдеуді дамыту барысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды өздерінің елді мекендерін жасыл алқапқа айналдыруға, жыл сайын көше бойына және үйлерінің ауласына ағаштар отырғызуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгінде Астананың маңында 71 мың гектарлық алаңда орманды алқап бой көтерді. Бұл аумақ 3-4 ауданды алып жатыр. Сонымен қатар, "Жасыл ел" бағдарламасы аясында Қазақстанның жастары еліміз бойынша жыл сайын 51 мың гектар алқапқа ағаш егеді. Бұл жұмыс жалғасатын болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Астананың "жасыл белдеуін" Бурабайдың орманды аймағымен қосу туралы міндет қойғанын атап өтті. "Астана Бурабай" автобанының екі жағалауындағы орманды алқап кеңейе түсуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны