25.04.2016, 20:14 4312

Елбасы Бас прокуратураға барды

Қазақстан Президенті Бас прокуратураныӊ басшылық құрамы алдында сөйлеген сөзінде А.Дауылбаевтыӊ лауазымынан босатылатынын, өкілеттік мерзімініӊ аяқталуына байланысты оныӊ басқа жұмысқа ауысатынын айтты

Астана. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Бас прокуратураныӊ басшылық құрамы алдында сөйлеген сөзінде А.Дауылбаевтыӊ лауазымынан босатылатынын, өкілеттік мерзімініӊ аяқталуына байланысты оныӊ басқа жұмысқа ауысатынын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Асхат Дауылбаев Бас прокуратурада соӊғы 15 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеді. Алдына қойылған міндеттерді орындады, соған орай оған жұмысы үшін алғыс айтамын. Ол алдағы уақытта да өзініӊ кәсіби үлесін қосатын болады, - деді Мемлекет басшысы, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев прокуратура жүйесінде елеулі жұмыс тәжірибесі бар жаӊа Бас прокурор Ж.Асановты таныстырды.

- Ол прокурорлық қызметтіӊ барлық сатысынан өтті, үш өӊірде, Иділет министрлігінде қызмет істеді, Парламент депутаты болды. Білімі мен тәжірибесі жеткілікті, жергілікті жердегі ахуалмен таныс. Осы ұжымда ұзақ уақыттан бері жұмыс істейді, оған ешқандай ескерту айтылған жоқ. Бұл жұмыс қолынан келетініне сенімдімін, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы биыл Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру басталғанына, оныӊ бір бағыты құқықтық мемлекет қалыптастыру екеніне назар аударды.

- Негізгі салмақ прокуратура органдарына түседі, өйткені олар барлық өзге құқық қорғау органдарыныӊ қызметін үйлестіретіндіктен, құқықтық салада зор өкілеттіктерге ие. Соӊғы жылдары қадағалаушы орган ел азаматтарын қорғау және құқық тәртібін қамтамасыз ету жөнінен елеулі жұмыс атқарды. Мемлекеттік және қоғамдық институттардыӊ құқық қорғау әлеуетін арттыру, заӊдарды тиімді қолдану және азаматтармен, шағын және орта бизнес өкілдерімен күнделікті жұмыс барысында заӊныӊ сақталуын қамтамасыз ету - басты міндет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті бұл ретте азаматтарға өз құқықтарын, сондай-ақ елде қабылданып жатқан заӊдарды, соныӊ ішінде Жер кодексін дұрыс түсіндірудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Кодексте жердіӊ шетелдіктерге сатылатыны туралы ештеӊе айтылмаған. Біздіӊ міндет - жердіӊ меншік иесі болып, оныӊ дұрыс пайдаланылуы үшін Қазақстан азаматтарына жерді жекешелендіру мүмкіндігін беру. Жер қурай басып, иесіз жатпай, түсініксіз мақсатта пайдаланылмай, халықтыӊ игілігіне айналуы керек, - деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жаӊа норманы толық түсінбеу және бұрыс мазмұндау деректері бар екенін айтты.

- Бұл мәселе мемлекет қабылдап отырған заӊдарды халыққа түсіндіруге міндетті Үкімет пен жергілікті атқарушы билікке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қатысты, - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы үлкен резонанс тудырған істер бойынша прокурорлар Президенттіӊ тиісті тапсырмасынан кейін ғана шара қабылдаған жағдайлар болғанына назар аударды.

- Заӊды сақтаушылардыӊ өздері өкілеттіктерін орындау жөнінен мінсіз болуға тиіс. Сонда сенім арта түседі, арыз-шағым азаяды, БАҚ-тағы материалдардыӊ мазмұны да өзгереді. Бұл - күрделі міндет, бірақ оны шешпейінше біздіӊ барлық жоспарымыз үзіліп, стратегиялар мен қабылданып жатқан бағдарламаларға да қатер төнеді. Сондықтан мен сіздерді дұрыстап жұмыс істеуге шақырамын. Бес институционалдық реформа мен "100 қадамда" ол шаралардыӊ бәрі нақты жазылған, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті көзделген реформалар арқасында құқық қорғау және сот жүйесі азаматтардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі өз жұмысыныӊ тиімділігін арттыра түсетініне сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны