23.12.2011, 13:51 3106

Елбасы Бас прокуратураға және ІІМ Жаңаөзенде болған жаппай тәртіпсіздіктерді бастап бергендерді іздестіру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда болған жиналыста бас прокуратураға және ІІМ Жаңаөзенде орын алған жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу үшін бүкіл қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Ақтау. 23-желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Бас прокуратураға және ІІМ Жаңаөзенде болған жаппай тәртіпсіздіктерді бастап бергендерді іздестіру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда болған жиналыста бас прокуратураға және ІІМ Жаңаөзенде орын алған жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу үшін бүкіл қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Елбасы атап өткендей, тергеу барысы ашық әрі жария түрде жүргізілуге тиіс, оған Маңғыстау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев жетекшілік ететін қоғамдық комиссия қатыстырылады.

Президент бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеев басқарған үкіметтік комиссияға екі апта ішінде "Өзенмұнайгаз" компаниясы қызметкерлерінің және Жаңаөзен тұрғындарының наразылық білдіруіне не себеп болғандығын анықтап, оларды жою үшін ұсыныстар енгізуді тапсырды. Н.Назарбаев атап өткендей, сарапшылардың басым бөлігі, оның ішінде шетелдік сарапшылар бұл арнайы арандатушылық мақсатта ұйымдастырылған акция, деген пікірге келіп отыр, оған акцияның өткізілу уақытының нақты ұйымдастырылғандығы дәлел болып отыр.

"Тергеу барысын жеке бақылауыма аламын", деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны