31.08.2018, 14:58 10571

Елбасы "Бейбітшілік қабырғасы" монументініӊ ашылу рәсіміне қатысты

- Астанада монументтіӊ бой көтеруі тарих сабақтарынан тәлім алып, оны ұмытпауға және еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақты бағалауға үндейді. "Бейбітшілік қабырғасы" - бейбіт өмірдіӊ құндылығын дәріптеуді және өткен тарихымыздыӊ қасіретті кезеӊдерін қайталамауды замандастарымыздыӊ есіне салып тұратын нысан, - деді Қазақстан Президенті.

Астана. 30 тамыз. Kazakhstan Today - 29 тамызда Елбасы "Бейбітшілік қабырғасы" монументініӊ ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы монументтіӊ ашылу рәсімін Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясы күні қарсаӊында өткізудіӊ символдық мәні бар екенін атап өтіп, 29 тамыз Қазақстанныӊ жаӊа тарихындағы айрықша күн саналатынын айтты.

- 1949 жылы дәл осы күні Семей полигонында ядролық қару алғаш рет сыналған болатын. Қырық жыл бойғы 450-ден астам жарылыстыӊ салдарынан миллиондаған адам зардап шекті. Меніӊ Жарлығыммен 1991 жылғы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. Бүгін, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні, біз елордамызда жаӊа маӊызды нысанды - "Бейбітшілік қабырғасы" монументін ашып отырмыз, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздіӊ ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтай отырып, бейбітшілікті, достықты, өзара құрмет пен мәдениетке негізделген қағидаттарды ұстанатынын айтты, сондай-ақ Қазақстанныӊ бейбіт бастамалары замандастарымыз бен болашақ ұрпағымыз үшін лайықты үлгі болып, бүкіл адамзат жылнамасына енгенін атап өтті.

- Семей ядролық полигоныныӊ жабылуы, ядролық қару-жарақтан бас тартуымыз, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеӊесін құру бастамасы, Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ съездері, "Илем. XXI ғасыр" манифесі, Сирия жөніндегі Астана процесі - осыныӊ бәрі Қазақстанныӊ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан нақты үлесі, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев халықтар арасында нақты және ментальдық тұрғыдан бөле-жарудыӊ пайда болуына әкеп соқтырған ауқымды қақтығыстарды, нәсілшілдікті, діни төзбеушілікті адамзат баласыныӊ ғасырлар бойы басынан көп өткергенін атап өтіп, бүгінде әлемдік қоғамдастықтыӊ халықаралық терроризм мен радикалды идеялар сияқты жаӊа сын-қатерлерге тап болғанына тоқталды.

- Астанада монументтіӊ бой көтеруі тарих сабақтарынан тәлім алып, оны ұмытпауға және еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақты бағалауға үндейді. "Бейбітшілік қабырғасы" - бейбіт өмірдіӊ құндылығын дәріптеуді және өткен тарихымыздыӊ қасіретті кезеӊдерін қайталамауды замандастарымыздыӊ есіне салып тұратын нысан, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бұл мемориалдыӊ елорданыӊ тағы да бір көрікті орнына және шаһардыӊ айтулы нысанына айналатынына сенім білдірді.

- Біздіӊ бітімгершілік бастамаларымыз, еӊ алдымен, болашақ ұрпаққа арналады. Біз барлық тілде ұрпақтарымызға "Бейбітшілікті сақтаӊдар!" дейміз. Бұл - жер бетіндегі әрбір адамныӊ бойында болуға тиіс еӊ басты құндылық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Қазақстан Президенті елорданыӊ 20 жылдығына тарту жасаған Ақтөбе облысына ризашылық білдіріп, Астана тұрғындары мен қала қонақтарына және барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, бақ-береке тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны