12.04.2011, 15:12 3966

Елбасы Беларусь президентіне Минскідегі "Октябрьская" метросы станциясындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Беларусь президентіне Минскідегі "Октябрьская" метросы станциясындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 12 - сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Беларусь президентіне Минскідегі "Октябрьская" метросы станциясындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға Минскідегі "Октябрьская" метросы стансасындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған.

"Қазақстанда Минскідегі "Октябрьская" метросы стансасындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Қазақстанның көпұлтты халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендерге қолдау сөзімді жеткізуді өтінемін", делінген көңіл айту жеделхатында.

Photo: kazakhstandaily.com.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны