13.02.2015, 09:47 3660

Елбасы Беларусь Республикасыныӊ Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

А.Лукашенко Ресей, Украина, Франция Президенттерініӊ және Германия Канцлерініӊ Минскіде "норманд форматында" өткізген келіссөздерініӊ қорытындылары туралы айтты

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - А.Лукашенко Ресей, Украина, Франция Президенттерініӊ және Германия Канцлерініӊ Минскіде "норманд форматында" өткізген келіссөздерініӊ қорытындылары туралы айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті өзін хабардар еткені үшін алғыс білдірді және кездесудіӊ жақсы ұйымдастырылуымен, сондай-ақ келіссөздердіӊ табысты аяқталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттер басшылары барлық тараптыӊ бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін білдірді.

Президенттер таяу арада біздіӊ елімізде Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшыларыныӊ кездесуін өткізу туралы уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны