23.12.2015, 16:51 3841

Елбасы белгілі әнші, педагог Бекен Жылысбаевтыӊ қайтыс болуына байланысты марқұмныӊ туған-туыстары мен жақындарына көӊіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта Б.Жылысбаевтыӊ Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, бүкіл еӊбек жолын осы өнер ордасымен байланыстырғаны атап өтілген.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы ауыр қайғыға ортақтаса отырып, көӊіл айтты. деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жеделхатта Б.Жылысбаевтыӊ Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, бүкіл еӊбек жолын осы өнер ордасымен байланыстырғаны атап өтілген. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінеӊ хабарлады.

"Ол өзініӊ жанға жағымды тенор дауысымен қазақ және шетел композиторларыныӊ шығармаларын шебер орындап, жұртшылықты ән өнерініӊ нәрімен сусындата білді", - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Б.Жылысбаевтыӊ консерватория профессоры және кафедра меӊгерушісі ретінде көптеген лайықты ізбасарларын даярлағаны айтылған. Оныӊ еӊбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтіліп, Қазақ КСР Халық әртісі құрметті атағы берілген.

Нұрсұлтан Назарбаев әншініӊ шығармашылық мұрасы қазақстандықтардыӊ әлі талай буынын шынайы өнердіӊ шаттығына бөлей беретініне сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны