09.04.2013, 16:07 3004

Елбасы белгілі композитор, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің өмірден озуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қөңіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта Еркеғали Рахмадиұлы өзінің ұзақ та ғибратты ғұмырында жемісті еңбек етіп, ұлттық музыка өнері мен мәдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосқаны атап өтілген. Ол халыққа танымал опералық шығармалардың, әндер мен романстардың авторы атанды, Мәдениет министрі болды, еліміздің ірі өнер ұжымдарының жұмысына жетекшілік етіп, Композиторлар одағын басқарды.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі композитор, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің өмірден озуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қөңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеделхатта Еркеғали Рахмадиұлы өзінің ұзақ та ғибратты ғұмырында жемісті еңбек етіп, ұлттық музыка өнері мен мәдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосқаны атап өтілген. Ол халыққа танымал опералық шығармалардың, әндер мен романстардың авторы атанды, Мәдениет министрі болды, еліміздің ірі өнер ұжымдарының жұмысына жетекшілік етіп, Композиторлар одағын басқарды.

Қай қызметте де өзін білікті басшы, талантты ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, білімі мен тәжірибесін туған елінің көркейіп, кемелденуіне жұмсады. Еркеғали Рахмадиұлының еңбегі еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградаларымен атап өтілді.

"Оның еңбегі ұмытылмайды, шығармалары халқымызбен бірге жасай береді деп сенемін", делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны