16.03.2012, 10:45 3336

Елбасы Бельгия Короліне елде болған автомобиль апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

"Швейцарияның Валлис кантонында тау шаңғы курортынан қайтқан жолаушылар автобусында басым көпшілігі Бельгия азаматтарын құраған өспірімдердің жол апатына ұшырағаны туралы хабарды үлкен күйзеліспен естідім. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына азалы көңілімді жеткізуіңізді сұраймын", - делінген жеделхатта.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі II Альбертке Швейцарияның Валлис кантонында тау шаңғысы курортында орын алған автомобиль апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Швейцарияның Валлис кантонында тау шаңғы курортынан қайтқан жолаушылар автобусында басым көпшілігі Бельгия азаматтарын құраған өспірімдердің жол апатына ұшырағаны туралы хабарды үлкен күйзеліспен естідім. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына азалы көңілімді жеткізуіңізді сұраймын", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны