09.02.2012, 13:19 3759

Елбасы Берлиндегі "Бельвю" сарайында ГФР-ның Федеральдық Президенті Кристиан Вульффпен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының әртүрлі мәселесі талқыланды.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев лбасы Берлиндегі "Бельвю" сарайында ГФР-ның Федеральдық Президенті Кристиан Вульффпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының әртүрлі мәселесі талқыланды.

Қазақстан Президенті бүгінде Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесінің бірі, ал Қазақстан - ГФР-ның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі болып табылатынын атап өтті. Екі елдің диалогы ашық және сенімді сипатқа ие, барлық деңгейдегі екіжақты белсенді байланыстар қолдау тапқан. Қазақстан үшін Германияның жаңартылған энергия көздерін дамыту, энергиямен жабдықтайтын технологияны ендіру, денсаулық сақтау мәселесіндегі өзара іс-қимыл бойынша тәжірибесі үлкен қызығушылық туғызады.

Өз кезегінде Германияның Федеральдық Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты өткен парламенттік сайлаудағы "Нұр Отан" партиясының сенімді жеңісімен құттықтады.

Негізгі өңірлік және жаһандық проблемаға, халықаралық қауіпсіздікті қолдау мәселесіне қатысты пікір алмасылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны