04.06.2013, 09:51 9909

Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутерришпен кездесу өткізді

Кездесуде Қазақстанның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасымен ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ, Қазақстанда босқындар құқығын қорғауды қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Астана. 4-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутерришпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуде Қазақстанның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасымен ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ, Қазақстанда босқындар құқығын қорғауды қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Талқылау барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасына жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

"Көші-қон мәселелерін реттеу Қазақстан үшін маңызды болып саналады. Осы жылдары біздің еліміз он бес мың босқынға баспана тауып берді. Біз Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы тарапынан осы бағыттағы Үкімет қызметіне жақсы баға бергені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Осы саладағы жұмыс өзекті күйінде қалуда, өйткені әлемде көші-қон үдерістері арта түсуде, босқындар саны жыл сайын ұлғайып келеді", - деді Мемлекет басшысы.

А.Гутерриш Қазақстан Үкіметіне БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасымен жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

"Сіздің Қазақстанның саяси да, экономикалық та салалардағы көптеген халықаралық бастамаларын ілгерілетуге жеке зор үлес қосқаныңызды білеміз. Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, экологияны қорғау, қаржы дағдарысымен күрес саласында айтарлықтай табыстар бар. Бірқатар халықаралық форумдар мен конференциялар табысты өткізілді. Осы орайда Қазақстанның Алматыда БҰҰ орталығын құру туралы бастамасы да маңызды", - деді БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары.

Тараптар көші-қон үдерістерін тиімді басқару саласындағы, соның ішінде Қазақстан бастама ретінде көтерген "Алматы процесі" аясындағы ұсыныстарды іске асыру жолдарын да талқылады. Аталған шаралар біздің еліміздің Орталық Азия өңірі үшін көші-қон саясаты саласындағы модельді мемлекет ретінде қалыптасуына септігін тигізетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны