19.11.2015, 10:42 3965

Елбасы бірқатар ҚР заӊдарына қол қойды

Заӊ мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ҚР заӊдарына қол қойды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы Қазақстан Республикасыныӊ бірқатар заӊына қол қойды:

- ел заӊнамасын жаӊа "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасыныӊ заӊына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және жалпыға бірдей декларациялауды кезеӊімен енгізуге бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жеке тұлғалардыӊ кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға, "Үкімет - азаматтар үшін" Мемлекеттік корпорациясын құруға және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

-бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Заӊ мәтіндері баспасөзде жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны