17.11.2015, 12:08 4226

Елбасы бірқатар заӊ жобаларына қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заӊ жобаларына қол қойды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заӊ жобаларына қол қойды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы мына құжаттарға қол қойды:

-12 жылдық білім беруді кезеӊ-кезеӊімен енгізу, дуальды оқыту, сондай-ақ функционалды сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаӊарту бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға, оныӊ ішінде жария ету мерзімін ұзартуға, жария ету рәсімін жетілдіруге және ынталандыруға бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардыӊ мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және оӊалту мен банкроттық рәсімдерін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне оӊалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Заӊ мәтіндері баспасөзде жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны