07.07.2010, 17:36 3530

Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

Атап айтқанда, мемлекет басшысы "Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Астана. 7-шілде. Kazakhstan Today Елбасы Кеден одағының жұмысы аясындағы бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы "Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы "Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы" Заңға, "Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы" Заңға және "Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісімін ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мен Ресей Кеден кодексінің күшіне енуі туралы өтінше 2010 жылдың 5-шілдесінде қол қойған болатын. РФ мен ҚР арасындағы Кеден одағы ресми түрде 2010 жылдың 1-шілдесінде күшіне енген, ал Беларусь одаққа ресми түрде 6-шілдеде кірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны