09.03.2016, 13:56 3763

Елбасы "Болашақ-Т" ЖШС үй құрылысы комбинатында болды

Мұнда Мемлекет басшысына "Өӊірлерді дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру және жеке үй құрылысы комбинаттарын дамыту жобасы туралы баяндалды

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Мұнда Мемлекет басшысына "Өӊірлерді дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру және жеке үй құрылысы комбинаттарын дамыту жобасы туралы баяндалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев дайын өнім үлгілерімен танысып, кәсіпорынныӊ еӊбек ұжымымен әӊгімелесті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті өӊірлердіӊ дамуы мен үй құрылысыныӊ көбеюі есебінен елдегі осындай өнеркәсіп нысандарына деген қажеттілік артатынын айтты.

Мемлекет басшысы ұжымға табыс тілеп, облыста cаланыӊ жұмысына қолайлы барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

Үй құрылысы комбинаты көпшілікке арналған үйлер құрылысын қамтамасыз ету үшін темір-бетон бұйымдарын, перспективалы құрастырмалы жүйелер жасап шығарады. Оныӊ қуаты жылына жалпы аумағы 50 мыӊ шаршы метр ғимарат салынатын өнім шығаруға лайықталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны