08.06.2012, 14:58 3223

Елбасы "Борис Ельцин және оның заманы" атты көрмені аралап көрді

Қазақстан Президенті "Б.Н. Ельциннің президенттік орталығы" қоры ұсынған фотографиялар қойылған көрмедегі экспозициямен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Мұражайының қорынан алынған экспонаттар, құжаттар мен кітаптармен таныс болды.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Борис Ельцин және оның заманы" атты көрмені аралап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Президенті "Б.Н. Ельциннің президенттік орталығы" қоры ұсынған фотографиялар қойылған көрмедегі экспозициямен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Мұражайының қорынан алынған экспонаттар, құжаттар мен кітаптармен таныс болды.

Көрмені аралау кезінде Мемлекет басшысы Борис Ельциннің зайыбымен бейресми тұрғыда кездесу өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Наина Ельцина Ресейдің тұңғыш президенті туралы естеліктер айтып, оның Қазақстан-Ресей серіктестігі мен достығының дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

"Ельцин заманы - бұрынғы КСРО тарихындағы және байтақ Ресей тарихындағы күрделі кезең. Борис Николаевич елде сөрелер босап қалған, жұмыссыздық белең алған, инфляция деңгейі жоғары болған уақытта президент болды. Ол Ресей экономикасы мен саясатын либерализм рельсіне көшірді. Ол менің жадымда Ресей Федерациясының тарихында орасан зор рөл атқарған ерекше тұлға ретінде сақталады", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Борис Николаевич Қазақстанға сапармен барғанды жақсы көретін. Ол Сізбен достығын қадір тұтты. Сіз Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын нығайту және ТМД-ның қалыптасуы үшін көп жұмыс жасадыңыз", - деді Наина Ельцина.

Б.Н. Ельциннің президенттік орталығы мұрағатының көрмесі алғаш рет Борис Ельциннің 80 жылдығына арналып, 2011 жылғы 27 қаңтар мен 8 наурыз аралығында "Мәскеулік фотография үйі" мұражайында өткізілді. Фотографияларда бетбұрысты және қиын уақыттарда демократиялық өзгерістердің басында жүрген Ресейдің тұңғыш президентінің тұлғалық бет-бейнесі түрлі қырынан көрініс тапқан. Фотохроникалық кадрлар дәуір өзгерістерінің көңіл-күйі мен рухын толықтай күйде көрсете алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны