06.12.2006, 13:46 2839

Елбасы Брюссельде өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты

АСТАНА. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға құрметті қонақ ретінде Хорватия Республикасының президенті Стьепан Месич, сондай-ақ Бельгияның, Еуропа құрылымдарының көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, Бельгия Корольдігінде, Еуропалық Одақта, Солтүстік Атлантикалық альянста тіркелген дипломатиялық корпустардың өкілдері, Еуропарламенттің депутаттары, Еуропалық Одақтың іскер топтарының және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл күндері Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 15 жылдығын атап өтуде. 15 - жыл тарихи өлшем бойынша үлкен мерзім емес. Бірақ ол бүкіл Қазақстан мен оның көп ұлтты халқының өмірін түбегейлі өзгерткен іргелі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды сыйдырып тұр. Бүгінде экономикалық реформалар жағынан Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістікте көшбасшы ретінде танылды. Біздің республикамыздың табысты дамуының арқасында саясаткерлер, сарапшылар мен журналистер дамудың жаңа "қазақстандық жолы" туралы айта бастады, - деді қабылдауды ашу рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Қабылдауда сөз алған Еуропалық Комиссияның сыртқы байланыс жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер, Еуропалық парламенттің бірінші вице-приезиденті Алехо Видал-Квадрас және "Еуропалық халық партиясы - Еуропалық демократтар" парламенттік фракциясы төрағасының орынбасары Струан Стивенсон Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтудағы Қазақстанның рөлі маңызды екендігін, сондай-ақ елдің ғана емес бүкіл өңірдің қарқынды дамуына бағытталған мемлекет саясатын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны