15.09.2017, 11:51 4126

Елбасы бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізді

Баспасөз мәслихатына 50-ден астам қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ журналистері қатысты.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы отандық және Қазақстанда тіркелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері үшін кеше баспасөз мәслихатын өткізді,- деп хабарлайды Ақорда.

Баспасөз мәслихатына 50-ден астам қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ журналистері қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы елімізде өткен халықаралық іс-шараларды қорытындылап, бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ табысты болғанын айтып, Астанада өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитініӊ мән-маӊызына тоқталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астана келіссөздері жөніндегі ойын ортаға салды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қазақ тілін жетілдіру мен латын әліпбиіне көшудіӊ маӊыздылығына тоқталып, жақында АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен әӊгімесі жөнінде айтты.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ақпараттық технологияларды пайдалануға қатысты, сондай-ақ қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинніӊ таяуда болатын жекпе-жегі туралы сұрақтар да қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны