15.07.2016, 17:30 4915

Елбасы Бурабай аймағы туралы әсерімен бөліседі (ВИДЕО)

Елімізде табиғи демалыс орындары жетерлік. Олардыӊ әрқайсысы әлемдік деӊгейдегі курорттық аймаққа айналып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көкше төріндегі Бурабай демалыс орнында берген сұхбатында айтты

Астана. 15 шілде. Kazakhstan Today - Елімізде табиғи демалыс орындары жетерлік. Олардыӊ әрқайсысы әлемдік деӊгейдегі курорттық аймаққа айналып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көкше төріндегі Бурабай демалыс орнында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы көрікті мекенніӊ көз тартар сұлулығын тамашалап, көпшілік үшін жасалған жайлы жағдаймен танысты, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ, талай ақын-жазушыныӊ жырына арқау болған Бурабай аймағы жер шарындағы теӊдессіз демалыс орны екенін тілге тиек етті.

"Бурабай деген жерді халқымыз әнге қосып айтып кетті. "Жер шоқтығы - Көкшетау, бауыры толған көкше бау. Төӊірегіӊ сексен көл, исіӊ жұпар аӊқиды-ау", - деп Біржан сал айтып кетті емес пе? Сондықтан бұл тамаша жердіӊ төӊірегінде адам өлеӊ айтпай, адамныӊ творчествосы жоғарыламай болмайды. Бұл Қазақстанныӊ еӊ бір әдемі, еӊ бір сағынышпен айтатын жердіӊ біреуі сияқты. Мен үшін Алатау, Көкшетау екеуініӊ де орны бөлек. Бұл еліміздіӊ өте әдемі жері. Бұны көркейту, өсіру, әрі қарай белгілі ету біз үшін үлкен мақсат болып саналады", - дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев,

Көкше төрінде Мемлекет басшысы берген сұхбаттыӊ толық нұсқасын бүгін кешкі сағат 21:30-да 24.kz арнасынан көре аласыздар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны