06.06.2008, 18:34 3089

Елбасы "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрғақпен, теңізбен және әуемен заңсыз енгізуге қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заңға қол қойды

Елбасы "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрғақпен, теңізбен және әуемен заңсыз енгізуге қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заңға қол қойды

Астана. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ конвенциясын толықтыратын бірқатар хаттамаларды бекітуді мақұлдады. Атап айтсақ, "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрғақпен, теңізбен және әуемен заңсыз енгізуге қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заңға қол қойды.

Бұл хаттамада мигранттарды заңсыз енгізуге қарсы шаралар мен хаттамаға қатысушы мемлекеттер арасында қылмыстық топтар, адамдарды жасырын тасымалдау әдістері мен құралдары туралы өзара ақпарат алмасу жайы қарастырылған.

Сондай-ақ, Елбасы " БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын қару-жарақты, оның құрамды бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ, олардың оқ-дәрісін заңсыз жасауға қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заңға қол қойды.

"Бұл хаттама қару-жарақты заңсыз жасауға және оның айналымының алдын алу, трансұлттық сипаттағы, ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуымен жасалған қылмыстарды тектеп тексеру үшін қолданылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны