16.02.2016, 12:05 3828

Елбасы Carrefour гипермаркетіне барды

Нұрсұлтан Назарбаев Grand Park Almatу сауда орталығыныӊ жаӊа ғимаратында орналасқан гипермаркетті аралап, Қазақстанда жасалған өнімдерді көрді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірістен шыққан тауарлар сатып алды

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Grand Park Almatу сауда орталығыныӊ жаӊа ғимаратында орналасқан гипермаркетті аралап, Қазақстанда жасалған өнімдерді көрді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірістен шыққан тауарлар сатып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар мұнда Қазақстан Президентіне сауда саласы мен жалпы қаланыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

***

Carrefour гипермаркетіне қазақстандық 500-ден аса компания өз өнімін жеткізеді, соныӊ 130-ы - Алматы қаласы мен Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Сауда үйіндегі барлық тауар түрлерініӊ ішіндегі отандық өнімдер үлесі шамамен 40-50% болады.

8 мыӊ шаршы метр алаӊда 30 мыӊ аталымдағы тауарлар қойылған. Қазіргі кезде гипермаркетте 450 қызметкер жұмыс істейді. Инвестицияныӊ жалпы көлемі 5 миллиард теӊге болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны