06.04.2013, 11:51 3199

Елбасы CNPC компаниясының басшысы Чжоу Цзипинмен кездесу өткізді

Кездесуде мұнай-газ саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев осы саладағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына қанағаттанушылық білдірді.

Астана. 6-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев CNPC компаниясының басшысы Чжоу Цзипинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуде мұнай-газ саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев осы саладағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына қанағаттанушылық білдірді.

Қазіргі уақытта мұнай-газ секторында жалпы құны 5 миллиард долларды құрайтын 10-ға жуық бірлескен жоба іске асырылып жатқаны атап өтілді. Жалпы құны 18 миллиард доллардан асатын бірлескен тағы да 4 ірі жоба энергия ресурстарын тасымалдау саласында жүзеге асырылуда.

Қазақстан Президенті мен CNPC басшысы "мұнай-сервистік және өңдеу жобаларындағы инвестицияға айырбас ретінде шикізатқа мүмкіндік туғызу" қағидатына негізделген мұнай-газ саласындағы кешенді ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу мәселесін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің ұлттық мұнай-газ компаниялары Қазақстан-Қытай мұнай құбыры аясын кеңейту және пайдалану жөніндегі ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны