03.06.2015, 17:48 3747

Елбасы Daqri компаниясыныӊ вице-президенті Брайан Хамилтонды қабылдады

Тараптар инновациялық технологиялар саласында жұмыс жүргізетін компанияныӊ Қазақстанда бастаған қызметініӊ перспективасын талқылады

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Тараптар инновациялық технологиялар саласында жұмыс жүргізетін компанияныӊ Қазақстанда бастаған қызметініӊ перспективасын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына өнеркәсіп саласында қолдануға арналған әзірлемелер таныстырылды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Б.Хамилтон компанияныӊ мамандарды өз тәжірибелері негізінде оқытуды жолға қою арқылы Қазақстандағы инновациялық дамуға қолдау көрсетуге ниетті екенін білдірді. Сонымен қатар, ол "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуға әзір екенін атап көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны