28.12.2010, 17:54 4210

Елбасы дипломатиялық қызмет туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық қызмет органдарын ұйымдастыруды және жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық қызмет органдарын ұйымдастыруды және жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дипломатиялық қызмет органдарын ұйымдастыруды және жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Бұрын хабарлағанымыздай, "парламент депутаттары бастамашылық жасаған аталмыш заң кәсіби білікті мамандардың дипломатиялық қызмет органдарынан жұмыстан кетуінің артуына байланысты дипломатиялық қызмет саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу қорытындылары бойынша әзірленгендігі, атап көрсетілген.

Бұл ретте жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес, дипломатиялық қызмет персоналын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, дипломатиялық қызмет органдарының қызметін ұйымдастыру, кадрлық әлеуетті нығайту және дипломатиялық қызмет тартымдылығын арттыру шаралары қамтылып отыр.

Сонымен қатар, заңға сәйкес дипломатиялық қызмет органдарының негізгі функциясын нақтылау бөлігінде бірқатар өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасында дипломатиялық және қызметтік паспорттарын берумен қатар 1999 жылғы 20 шілдеде ҚР Президентінің Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ережеге сәйкес оларды есепке алу, сақтау және жою шаралары көзделеді.

Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны