06.02.2013, 09:33 3189

Елбасы "Эйрбас Милитари" компаниясының басшысы Доминго Уренья-Расомен кездесу өткізді

Кездесуде одан арғы ынтымақтастыққа, соның ішінде әскери-көлік авиациясына техникалық қызмет көрсету саласына байланысты ауқымды мәселелер қаралды.

Астана. 6-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Эйрбас Милитари" компаниясының басшысы Доминго Уренья-Расомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуде одан арғы ынтымақтастыққа, соның ішінде әскери-көлік авиациясына техникалық қызмет көрсету саласына байланысты ауқымды мәселелер қаралды.

Қазақстан Президенті "Эйрбас Милитари" компаниясымен бірқатар бірлескен жобалар іске асырылып жатқанын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету қажеттігіне тоқталды.

Өз кезегінде Д.Уренья-Расо компанияның Қазақстандағы ұзақ мерзімді қызметі екі ел үкіметтерінің жақсы қарым-қатынастарының арқасында қалыптасқанын және қол жеткізілген келісімдер аясында жүргізіліп келе жатқанын айтты. Сонымен қатар, "Эйрбас Милитари" басшысы компанияның Қазақстандағы авиация өнеркәсібін дамытуға қатысуға дайын екенін мәлім етті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ мен "Эйрбас Милитари" арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Испанияның "Эйрбас Милитари" компаниясы Еуропалық Аэроғарыш және Қорғаныс Концернінің (EADS) құрамына кіретін Airbus SAS авиақұрылыс компаниясының бөлімшесі болып саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны