01.07.2010, 18:09 3120

Елбасы екі күндік жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Сапар бағдарламасына сәйкес, Мемлекет басшысы бүгін Қарағанды қаласындағы "ҚазБелАз" БК" ЖШС қазақ-беларус бірлескен кәсіпорнында болып, оның жұмысымен танысады, деп жоспарлануда. Бұл кәсіпорын "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің филиалы болып табылатын Қарағанды құю-машина жасау зауытының базасында құрылған.

Қарағанды. 1-шілде. Kazakhstan Today Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Мемлекет басшысы бүгін Қарағанды қаласындағы "ҚазБелАз" БК" ЖШС қазақ-беларус бірлескен кәсіпорнында болып, оның жұмысымен танысады, деп жоспарлануда. Бұл кәсіпорын "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің филиалы болып табылатын Қарағанды құю-машина жасау зауытының базасында құрылған.

"Қазақмыстың" "ҚазБелАз" БК" ЖШС құру жобасындағы үлесі 51 пайызды, Беларусь авиомобиль зауыты 29 пайызды, Қазақсатнның ресми өкілі, "АстанаБелАЗсервис К" ЖШС үлесі 20 пайызды құрайды.

Президент жұмыс сапарының екінші күнінің бағдарламасын Теміртау қаласындағы "АрселорМиттал Темиртау" АҚ барумен бастайды.
Сонымен қатар, президент Теміртаудың шіркеуіне, мешітке және неке сарайына бармақ. Осыдан кейін сонда өтетін Қазақстан магниткасының 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысады.

Айта кетейік, биыл Қарағанды металлургия комбинатының құрылғанына 50 жыл толып отыр. 1960 жылғы шілденің 3-інде Қарағанды металлургия комбинатының 1 домна пешінде қазақстандық алғашқы шойын өндірілген болатын. Сапар аясында Президент домна пешіндегі шойынның мерейтойлық шығаруына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны