06.12.2012, 17:09 3063

Елбасы ЭКСПО-2017 нысандарын салуға байланысты Астана маңында жер телімдерін сатуға тыйым салды

Атап айтқанда, Елбасы ЭКСПО 2017 нысандарының құрылыстарына ауқымды учаскелер қажеттілік ететінін ескере отырып, елорда айналасында және облыста жер сатуға тыйым салды.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Астана маңында жер сатуға тыйым салуды тапсырды. Бұндай тапсырманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындыққа байланысты өткен кеңесте жүктеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, Елбасы ЭКСПО 2017 нысандарының құрылыстарына ауқымды учаскелер қажеттілік ететінін ескере отырып, елорда айналасында және облыста жер сатуға тыйым салды. Осы орайда Президент ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану сылтауымен жерді басып алуға жол берілмеуі тиіс екендігін қадап айтты.

Н. Назарбаев, аталған халықаралық көрменің нәтижесінде Қазақстан экономикасы елеулі серпін алатынын, осы тұрғыда барлық орталық мемлекеттік органдардың басшыларына Астанада ЭКСПО-ны өткізу бойынша жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны