04.07.2012, 13:59 3019

Елбасы ел экономикасының электроэнергияға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды

Мемлекет басшысы ел экономикасының электроэнергияға қажеттілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері мен реттелетін нарық субъектілерінің, электростансаның инвестициялық қызметінің мөлдірлігін арттыруға бағытталған заңға қол қойды.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Елбасы ел экономикасының электроэнергияға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы ел экономикасының электроэнергияға қажеттілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері мен реттелетін нарық субъектілерінің, электростансаның инвестициялық қызметінің мөлдірлігін арттыруға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электроэнергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны