11.01.2017, 14:23 4293

Елбасы Ерболат Досаев пен Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Ө.Шөкеев Қазақстан Президентіне "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамыныӊ қарауындағы активтер мен электр стансасыныӊ қызметін жекешелендіру барысы жөнінде айтты. Бүгінде Қордыӊ сатуға қойылған 217 активініӊ 120 нысаны баланстан шығарылған.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елбасы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқармасыныӊ төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингтіӊ 2016 жылғы қызметініӊ қорытындысы жөніндегі есебі және одан әрі даму жоспары ұсынылды.

Е.Досаев өз сөзінде акционерлік қоғамныӊ активі 4 трлн 100 млрд теӊгеден асып, таза табысы 30 млрд теӊгені құрап отырғанын айтты.

Сондай-ақ, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқармасыныӊ төрағасы Мемлекет басшысын "Қазақстанныӊ даму банкі" акционерлік қоғамыныӊ жұмысы жайлы және еліміздегі экономикалық ахуал мен Ұлттық банктіӊ жаӊа монетарлық саясатын ескере отырып, холдингтіӊ стратегиялық дамуына өзгерістер енгізуге арналған жоспарлары жөнінде хабардар етті.

Қазақстан Президенті холдингтіӊ еліміздіӊ экономикасы үшін маӊызы зор жобаларды іске асыру барысындағы рөлін атап өтті.

- Холдингтіӊ алдына әуел бастан ірі жобаларды несиелеу жөнінде міндет қойылған. Алайда, экономикалық дағдарыс жағдайында "Бәйтерекке" көптеген түрлі қосымша тапсырмалар берілді. Осыған байланысты қазір оныӊ бұдан арғы қызметініӊ стратегиялық перспективаларын айқындау қажет, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасыныӊ төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.

Мемлекет басшысына кездесу барысында 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша Қордыӊ даму көрсеткіштері жөнінде мәлімделді.

Сондай-ақ, Ө.Шөкеев Қазақстан Президентіне "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамыныӊ қарауындағы активтер мен электр стансасыныӊ қызметін жекешелендіру барысы жөнінде айтты. Бүгінде Қордыӊ сатуға қойылған 217 активініӊ 120 нысаны баланстан шығарылған.

- Екінші тізімдегі нысандардыӊ 70%-ы іске асырылып, бірінші тізімніӊ 11 ірі нысаны жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деді "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасыныӊ төрағасы.

Елбасы бірінші кезекте Қазақстанда Сингапурдыӊ "Темасек" қорыныӊ моделі бойынша холдинг құру жөнінде міндет қойылғанына тоқталып, осыған байланысты "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамын трансформациялауды сапалы жүргізудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны