20.03.2012, 13:51 3285

Елбасы ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырыстарына қатысты

Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің тиімділігін арттыру, қосарланған өкілеттіктерді жою мәселесі талқыланды.

Мәскеу. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырыстарына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің тиімділігін арттыру, қосарланған өкілеттіктерді жою мәселесі талқыланды. ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің Үкіметтеріне тиісті құжаттарды дайындау және Мемлекет басшыларына бекітуге енгізу тапсырылды.

Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ елдері интеграцияның бір кезіңнен екінші сатысына өтуде екенін атап өтті.

"Биылғы жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) жөнінде 17 келісім күшіне енді. Кеден одағы мен БЭК-нің жұмыс істеуі мен даму жағдайын тиімді қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық комиссия құрылды. ЕурАзЭҚ-ның Соты қалыптастырылды. Біз XXI ғасырдың жаһандық қауіп-қатерлеріне еуразиялық интеграцияны тереңдету арқылы жауап береміз. Бұл ортақ жаңартушы және қуатты біріктіруші жобаның негізі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Ресей басшылығы мен Дмитрий Медведевтің жеке өзінің интеграциялық процестерді алға жылжытуға, Кеден одағын құруға, Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Еуразиялық экономикалық комиссияны қалыптастыруға қосқан зор үлесін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны