08.05.2012, 14:07 3159

Елбасы Франсуа Олландты президенті сайлауында жеңіске жетуіне байланысты құттықтады

"Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытта дамуы туралы Сізбен жақын арада жеке кездесу барысында сұхбаттасуға ниеттімін. Жоғары мемлекеттік міндетті атқаруда Сізге зор табыс пен сәттілік, ал достас француз халқына өрлеу мен өркендеуді тілеймін",- айтылған жеделхатта.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франсуа Олландқа Француз Республикасының Президенті сайлауында жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Биыл Қазақстан мен Франция тең құқылы, жан-жақты және жемісті ынтымақтастықтың 20-жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздігіміздің таңында Франция Президенті Франсуа Миттеран батыс басшыларының бірінші қатарында Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Өзге ядролық мемлекеттермен бірге Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік берген Франция, біздің елге үнемі қолдау көрсетіп келеді"- деп атап көрсетілген құттықтау жеделхатында.

Елбасы "Бүгінде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар жоғары сатыға, яғни стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеріліп отырғандығын" атап өткен.

"Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытта дамуы туралы Сізбен жақын арада жеке кездесу барысында сұхбаттасуға ниеттімін. Жоғары мемлекеттік міндетті атқаруда Сізге зор табыс пен сәттілік, ал достас француз халқына өрлеу мен өркендеуді тілеймін",- айтылған жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны