08.07.2015, 19:24 3800

Елбасы ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады

Кездесуге Президенттіӊ көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ хатшысы Н.Ермекбаев пен Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы Т.Мұсабаев та қатысты

Астана. 08 Шілде. Kazakhstan Today - Кездесуге Президенттіӊ көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ хатшысы Н.Ермекбаев пен Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы Т.Мұсабаев та қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президентіне А.Айымбетовтіӊ штаттық режім бойынша Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға дайындығыныӊ барысы жөнінде хабарланды, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

А.Айымбетов өзініӊ барлық қажеті тестер мен емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ғарыш қызметі саласына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны