28.07.2014, 19:55 3576

Елбасы Геннадий Головкин мен Винченцо Нибалиді құттықтады

Елбасы "Тур де Франс" көпкүндік жарысындағы жеңіске орай "Астана" велокомандасының капитаны Винченцо Нибали мен бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы атағын қорғап қалғаны үшін Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Елбасы "Тур де Франс" көпкүндік жарысындағы жеңіске орай "Астана" велокомандасының капитаны Винченцо Нибали мен бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы атағын қорғап қалғаны үшін Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Г.Головкиннің жеңісі боксты сүйетін көпшілік қауым және барша қазақстандық жанкүйерлер үшін тамаша тарту болғанын атап өтті.

"Лайықты қарсыласпен адал бәсекеде сен жауынгерлік мінез, қайсар рух танытып, дайындығыңның мықты екенін көрсеттің, өзіңнің үздік екеніңді тағы да дәлелдедің, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделін арттырдың. Біз сенің жеңісіңді мақтан етеміз", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға денсаулық, бақ-береке және кәсіби рингтегі алдағы бәсекелерде жарқын жеңістер тіледі.

Винченцо Нибалиге жолдаған жеделхатында Қазақстан Президенті әлемнің үздік кәсіпқой велошабандоздарының бәсекесіне қазақстандықтар бір ай бойы куә болғанын айтты.

"Сіздің еңбегіңіз бен жеңіске деген жігеріңіз барлық кезеңде біздің велокомандаға Қазақстанның спорттық жетістіктерін тағы да танытуға мүмкіндік берді", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға және бүкіл "Астана" командасына велоспорттың басты жарыстарында топ жару жолындағы жемісті еңбек пен жанкешті күрес үшін ризашылық білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Винченцо Нибалиге мықты денсаулық, бақ-береке, жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны