13.02.2015, 22:16 3952

Елбасы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Ресей, Украина, Франция президенттерініӊ және Германия Канцлерініӊ Минскіде "норманд форматында" өткен келіссөздерініӊ қорытындысы туралы сөйлесті

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Ресей, Украина, Франция президенттерініӊ және Германия Канцлерініӊ Минскіде "норманд форматында" өткен келіссөздерініӊ қорытындысы туралы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Минск кездесуініӊ табысты аяқталуына Федералдық канцлердіӊ қомақты үлес қосқанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметі хабарлады.

А.Меркель Украинаныӊ оӊтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт реттеу үдерісін ілгерілетудегі Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ күш-жігерініӊ маӊыздылығына тоқталды және "норманд төрттігініӊ" кездесуін Астанада өткізу мүмкіндігін атай отырып, осы маӊызды жұмысты жалғастыруды өтінді.

Мемлекеттер басшылары барлық тараптыӊ бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін айтты.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан - Германия ынтымақтастығыныӊ деӊгейі жоғары екенін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Германия жағы бастамашылық етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны