09.02.2012, 15:34 3846

Елбасы Германия Социал-демократиялық партиясы фракциясының басшылары Франк-Вальтер Штайнмайермен және Гернот Эрлермен кездесті

Кездесу барысында екіжақты саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері жөнінде пікір алмасылған.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Социал-демократиялық партиясы фракциясының басшылары Франк-Вальтер Штайнмайермен және Гернот Эрлермен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында екіжақты саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері жөнінде пікір алмасылған.

Франк-Вальтер Штайнмайер ГФР-ның Федеральдық сыртқы істер министрі болған кезінде қазақстан-герман серіктестігін дамытуға үлкен үлес қосты. Гернот Эрлер Берлиндегі Қазақстан-Герман Қоғамын ұзақ уақыт басқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны