10.01.2015, 15:13 4212

Елбасы Германияныӊ Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті

Сонымен қатар, инновациялық-инвестициялық ынтымақтастық аясын кеӊейтудіӊ бірқатар аспектілері және Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы қарастырылды.

Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Келіссөздер барысында екіжақты экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мәселелері, сондай-ақ Украинаныӊ шығысындағы ахуалды Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларыныӊ таяуда Астанада өтуі ықтимал кездесуі аясында реттеу шаралары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі мемлекеттіӊ көшбасшылары Минск уағдаластығын қатысушы тараптардыӊ мүлтіксіз жүзеге асыруы қажеттігін, мұныӊ тезірек бейбіт реттеуге және сенімді нығайтуға септігін тигізетінін атап айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Тараптар екі ел арасында белсенді әрі сындарлы саяси диалог орнағанына тоқталды, сондай-ақ 2012 жылы ақпанда қол қойылған Қазақстан мен Германияныӊ Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы серіктестік туралы үкіметаралық келісімін нақты іске асырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, инновациялық-инвестициялық ынтымақтастық аясын кеӊейтудіӊ бірқатар аспектілері және Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы қарастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны