09.02.2011, 17:42 3271

Елбасы "Glencore International AG" компаниясының бас директоры Айван Глайзенбергті қабылдады.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Glencore International AG" компаниясының бас директоры Айван Глайзенбергті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 9 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Glencore International AG" компаниясының бас директоры Айван Глайзенбергті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында бірқатар екі жақты ынтымақтастық мәселесі талқыланған.

"Кездесу кезінде біз "Glencore" компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобаларын, елде біздің қызметіміздің аясын кеңейту мәселесін талқыладық. Жақында біз "Қазмырыш" АҚ кәсіпорнына мыс қорыту жабдықтарын орнатып, 850 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарттық. Жабдықтар осы жылдың наурызында іске қосылады. Бұдан бөлек, біз "Алтынтау" алтын карьерін зерттеу мәселесін талқыладық. Компания карьерге 657 миллион доллар көлемінде инвестиция тартып отыр. Қазір карьердің қуаты 70 пайызды құрайды, ал сәуірде ол 100 пайызға дейін жетеді", - деді А. Глайзенберг журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны